Тағылымға толы тарихи шежіре

      16 желтоқсан Қазақстан тарихында тәуелсіздік алған күніміз ретінде алтын әріппен жазылды. Сондықтан да бұл күн бүкілхалықтық мерекеге айналды. Расында, аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған қуанышты сәт еді бұл. Ақ білектіқ күшімен, ақ найзаның ұшымен келген бостандықтық мәнін терең ұғындырып, түсіндіру – бұл әр адамның міндеті.

Осы мерекеге орай орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №7 кітапхана филиалы «Желтоқсан желі ызғарлы» атты тарихи шежіре ұйымдастырды.

Тәуелсіздік туралы кеңінен мағлұмат беру, тәуелсіздік үшін күрескен Желтоқсан құрбандарын еске алуды мақсат тұтқан шараға №56 орта мектеп оқушылары белсене атсалысты. Сондай-ақ Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып, әсем әнмен әрледі. Сонымен қатар кітап сүйер қауымға арналған «Тәуелсіздік – тірегім» атты көрме ұйымдастырылып, шолу жасалды.

 

Ләззат Кубеева,

Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі

№7 кітапхана филиалынын менгерушісі

Jambyl-Taraz. – 2023. – 20 желтоқсан