Ұлт ұстазы ұлықталды

Оқырмандар конференциясы.

Биыл ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды. Айтулы мерейтой еліміздің түкпір-түкпірінде кең көлемде аталып өтуде. Соның жарқын мысалы – кеше орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №5 кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық жазудың ұлы диқаншысы» атты оқырмандар конференциясы.

 Шараға Тараз қаласының білім ордаларының кітапхана қызметкерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және студенттер қатысты. Конференция барысында №53 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог- ұйымдастырушы Айгерім Қалдабекова «А.Байтұрсынұлы түзген қазақ жазуы», Жамбыл гуманитарлық колледжінің кітапхана меңгерушісі Ұлдана Абуова «Ұлт мұрасын ұлықтаушы», студент «А.Байтұрсынов – дара бастамашы» тақырыптарында баяндама жасап, орамды ойларын ортаға салды. Бұдан соң «Ұлт рухын оятқан қаламгер» атты кітап көрмесі көшілік назарына ұсынылып, қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап берді.

Лаура Абайқызы

Jambyl-Taraz. – 2022. – 16 қараша