Бірінші сыныптың баласы

Құрметті балалар, сіздердің назарларыңызға бірінші сыныпқа баратын балақайлар үшін таптырмайтын дүние, жазушы Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының мүшесі Жаңабек Баққондыұлы Шағатайдың «Бірінші сыныптың баласы» атты әңгімелер мен хикаяттар кітабын ұсынамыз:

Шағатай, Ж. Бірінші сыныптың баласы [Мәтін] / Жаңабек Шағатай. — Алматы: Балалар әдебиеті, 2023. – 240 б.

Кітапқа жазушының қызықты әңгімелері мен хикаяттары енген. Бұл шығармалар баланы жалықтырмайды, түрлі кейіпкерлер мен қызықты сюжеттерге толы.

Жазушы 1961 жылдың 1 қаңтарында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. 1991 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Үлттық университетінің журналистика факультетін сырттай бітірген. Ауыл шаруашылығы саласында, қүрылыста жұмыс істеген.

1985 жылдан бастап «Жалын» баспасының аударма бөліміне редакторлық қызметке қабылданды. Мұнда ол Жоғары сынып оқушылары, жасөспірімдер мен жастарға арналған көптеген көркем және танымдық, шытырман оқиғалы, фантастикалық кітаптардың редакторы болды.

Кітап балаларға ғана емес, қалыптасқан оқырман қауымға да арналған.

Қырық өтірік. Ертегі

Қырық өтірік – қазақтың халық әңгімелерінің ішіндегі ең бір көпке мәлім түрі. Бұл әңгімені ерте күндерден бері қарай, халықтың кәрі-жасы түгел біледі деуге болады.

Құрметті балақайлар, сіздерді суретші, жазушы Қабдырахман Отарбайдың «Қырық өтірік» атты ертегі кітабын ұсынамыз:

Қырық өтірік [Мәтін] : ертегі / [сурет. Қ. Отарбай]. — Алматы: Арда+7, 2023. — 80 б.

Мұнда қырық деген сан жай ғана өтіріктің көптігін көрсеткен мөлшер сан. Шынында, осы басылған әңгіменің қара сөзбен айтылған түрін алсақ та, өлеңмен айтылғанын алсақ та, қырық қана өтірік боп тоқтамайды. Қайта қырықтан сонағұрлым көп болады.

Қазақтың белгілі ертегілерінің бірі де бірегейі «Қырық өтірік» балалардың сүйіп оқитын шығармасына жатады. Бұл ертегіде патшаның алдына келген Тазша баланың судырлатып өтірік әңгіме айтуы және оған шындықты қоспай, жалған оймен өз өмірін қиыстыра, қияли тұрғыдан биік өреде суреттеп беруі кім-кімді де таң-тамаша қалдырады.

Бала қиялын шарыртата байытатын «Қырық өтірік» ертегісі халқымыздың бай мұрасы ғана емес, жалпы ой-санасының телегей-теңіз тереңдігін, ұшқыр сезім мен қуатты ойдың иесі екеніне көз жеткізе түседі. Бала тәрбиесіне ерекше ықпал ететін заңғар ертегі дейміз.

Ертегі мазмұны негізінде белгілі суретші, жазушы Қабдырахман Отарбай сюжетті суреттер салып шыққан. Кітапқа сол суреттер қолданылды.

Күшті бала

  Әр бір бала өлең оқығанды ұнатады, әсіре қазіргі заманның өлеңдері болса қызыға оқиды. Құрметті балақайлар, сіздердің назарларыңызға жас ақын Серікбол Хасанның «Күшті бала» атты кітабын ұсынамыз:

Хасан, С. Күшті бала [Мәтін] / Серікбол Хасан. — Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2022. – 96 б.

  Белгілі балалар ақыны, халықаралық «Рух», «Алтын тобылғы», «Ұлы дала», «Дарабоз» байқауларының балалар әдебиеті аталымы бойынша жеңімпазы Серікбол Хасанның бұл өлеңдер жинағы — балаларға арналған кезекті кітабы.

  Бұл өлеңдер жинағын оқыған бала қанаттанып, төлім алып, бойына қайсар рух жиып, елін-жерін сүйетін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, ортасында сыйлы, білімді де тәрбиелі бала болып қалыптасары анық.

 

Көк байрақтай — көк жейде

Құрметті жас оқырман, сіздердің назарларыңызға Нұрлан Құмардың «Көк байрақтай- көк жейде» атты кітабын ұсынып отырмыз.

Құмар, Н. Көк байрақтай — көк жейде [Мәтін] / Нұрлан Құмар. — Алматы: Өнер, 2022. — 376 б.

Жас жазушы Нұрлан Құмар сонау бір бала кезінен-ақ базарлы балалық шақ туралы қалам тартып, балалар тәрбиесіне, олардың ертеңгі күні үлкен ер-азамат болып қалыптасуына қазақ балалар әдебиеті арқылы айтарлықтай атсалысып келеді. Оның жазған әрбір мөлтек әңгіме-ертегілері ерліктің ерін жастантып, инабаттылықтың иірімдеріне иінтіп, қиял әлемінің құшағында әлдилейді.

Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде: «Құмырсқа жүгіреді жұмысқа», «Мақалдың қасиеті», «Бір құшақ қиял», «Ғибадаттың ғажабы» сияқты сиқыр әлемнің сырын ұғынтуға ұмтылдыратын әңгімелер.

Ал екінші бөлімде: «Жеңіс пен жеміс түбі — сабыр», «Сәлем — сөздің анасы», «Тасбақа неге тас арқалайды?», «Үкі неге түнде ұйықтамайды?» деген қиял-ғажайып ертегілер шоғыры берілген.

Кітаптағы әрбір әңгіме әдептілікті, әрбір ертегі ерлікті, мейірбандылық пен бауырмал достықты алдыға тартады. Ендеше, зер салып оқып шықсаңыздар — үлгі-өнегенің өлкесіне қанат жайып, кемел өмір кемесінде жүзе білесіздер.

Гулливер лилипуттар елінде

Cіздерге ирланд жазушысы Жонатан Свифттің «Гулливер лилипуттар елінде» атты еңбегін ұсынамыз:

     Свифт, Ж. Гулливер лилипуттар елінде [Мәтін] / Свифт Ж. ауд. Ғ. Оспанов ; [жоба авт. А. Құспан]. — Алматы : Отбасы хрестоматиясы, 2020. – 88 б.

Жонатан Свифт 1667 жылы 30 қарашада Ирландияның  Дублин қаласында дүниеге келген. Дублиндегі Тринити колледжінде ол нағашыларының көмегімен Теологияны оқыды.

Свифттің ең танымал еңбегі Гулливердің саяхаты, 1726 жылы жасырын түрде жарияланып, бірақ оның авторлығы кейінірек мәлім болды.

Автордың еңбегі үлкен сатиралық, саяси, әлеуметтік және философиялық мазмұны бар еңбек, мазмұнының өте қызықты болғанынан, Жонатанды  балалар әдебиетінде сәттілікке жеткізді. Сонымен қатар, ол бүкіл әлемге танылғандықтан, кино мен теледидарға көптеген бейімделулерге ие.

Свифтке тән үнемдеу стилінде баяндалған шытырман оқиғалар жазушы көрсеткендей, босқа және екіжүзділікке толы болған сол кездегі саясат пен қоғамға тікелей сын ретінде ойластырылған.

Кітапта қарапайым бір дәрігердің тағдыры айдап, лилипуттар елінен бір-ақ шыққан оқиғасы баяндалған. Бір қызығы, кітап қолдан қолға түспей оқыла бастайды. Оқыған жұрт  тамсанып, таңданып, күлкіге қарық болады. Себебі кітапта сол замандағы ағылшын билігін сатирамен сынаған еді.

Соғысқұмар адмирал, өзін әлемдегі ең ұзын адам санайтын патша, патшаның көңілін көтеруді маңызды жұмыс санайтын нөкерлер, бас ал десе, шаш алатын шабарман – бәрі сол дәуірдегі ағылшын билігін көзге елестеткен.

Еркін адамның бітім-болмысын, ерік-жігерін тұншықтырып, өз мақсатына жетіп, пайдаланды да Гулливердің образы арқылы берілді. Алып адамды тамақтандырып, зор шығынға ұшырап отырса да, жеке мүддесі үшін бәрін құрбандыққа шала берді.

Бұл кітап көкірегін құндылыққа толтырғысы келетін оқырманға арналған.

 

Робинзон Крузо

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой-өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады.

Алдымен саяхатшы болу үшін білімді болу керек, тек өз еліңнің ғана емес, басқа да мемлекеттердің салт-дәстүрін, мәдениетін біліп, сонымен қатар шет тілдерін де меңгерген жөн. Одан кейін денсаулық мықты болып, түрлі қоршаған орта жағдайларына бейімделуге дайын, төзімді болу керек. Себебі саяхат уақытында түрлі келеңсіз жағдайлар орын алуы мүмкін.

Құрметті балалар, бұл жолы сіздерге Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты романымен таныстырамыз:

     Дефо, Д. Робинзон Крузо [Мәтін] : роман / Даниэль Дефо. ; сурет. Д. Буташева ; ауд. А. Құлыбеков.- Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2021. – 416 б.

Автор жайлы айтып кетсек, Даниэль Дефо 1660-1731 жылы Лондонның Криплгейт ауданында қасапшы Джеймс Фоның отбасында дүниеге келген. Кейіннен жазушы тегін Дефо қылып өзгертеді. Әлемдік даңққа бөлеген «Робинзон Крузоның өмірі мен таңғажайып, қызықты оқиғалары» атты тұңғыш романын 60 жасқа қараған шағында жазып шығарды.

Көркем шығармашылыққа кеш бет бұрған Даниэль Дефо өмірінің елу сегізінші жылында ол өзінің «Робинзон Крузосын» жазды. Соған қарамастан оның қалдырған әдеби мұрасы орасан зор. «Робинзон Крузо» — деп аталатын ең жарқын мысал шытырман оқиғалы теңіз жанры, оның алғашқы көріністерін 16 ғасырдағы ағылшын әдебиетінде кездестіруге болады. Бұл жанрдың дамуы 18 ғасырда өзінің кемеліне жетуі ағылшын сауда капитализмінің дамуымен байланысты. 16 ғасырдан бастап Англия басты отар елге айналды, онда буржуазия мен буржуазиялық қатынастар барынша қарқынды дамып келеді.

Адам аяғы баспаған иесіз аралда қалған Робинзон Крузо адамзат өркениетінің бүкіл жүріп өткен жолын қайта өткеріп, өз тіршілігін қалпына келтіреді. Еріксіз жалғыз ғүмыр кешуге мәжбүр болған талайсыз қаһарман ойлануға мұрсат алып, басына түскен қиындықтың себебіне үңілу арқылы тәубасына келіп, құдай жолына түседі. Жүрегіне иман орнап, жаны тыныштық тапқан Крузо қауіпті де алмағайып жалғызілікті ғұмырында пешенесіне жазылған адам төзгісіз қиындықтардың бәріне төтеп береді.

Крузо жер шарының қай жерінде болса да, қай жерде болса да айналасына иесінің, ұйымдастырушының көзімен қарайды. Оның бұл шығармасында сол сабырлылықпен, қайсарлықпен ол кемені қағып, жабайыларға ыстық қайнатады, арпа мен күріш өсіреді  және оның ісіне қауіп төндіретін каннибалдарды жояды. Мұның бәрі күнделікті қалыпты жұмыс тәртібімен жасалады. Крузо қатыгез емес, ол таза буржуазиялық әділеттілік әлемінде адамгершілік пен әділ.

Журналистикамен бірге Дефоның 250-ден астам жұмысы бар. Қазіргі уақытта оның көптеген шығармалары тек тар шеңберде ғана белгілі, бірақ Еуропаның ірі орталықтарында да, жер шарының ең шалғай түкпірінде де оқыған Робинзон Крузо әлі де оқуды жалғастыруда.

 

Шоко әлем

Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік фантастикалық туындылардың топтамасын ұсынудан бұрын, ең алғашқы фантастикалық туынды туралы мәлімет алсақ. Әдебиет саласында ең алғаш фантастикалық туындыны  Ф. Бекон жазған.

1627 жылы жарық көрген, қазақ әдебиетіндегі фантастикалық жанр өз оқырманын, қазақ қоғамын жаңашылдыққа жетелейтін жанр. 1950 жылдан бергі жазба әдебиетіміздің ілгері жылжуына, жаңа бағытқа бет бұруына, биікке ұмтылуына әдебиеттің бұл жанры елеулі серпін берді. Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік жазушыларымыздың ғылыми-фантастикалық алақандай әңгімелері қазақ қоғамын еркіндікке баулыйды.

Сәлеметсіңдер ме балақайлар!

Сіздер сиқыр мектебінде оқыр ма едіңіздер?

Иә?

Жоқ?

Үйіңе кілембуспен қоян ұшып келгенін елестете аласың ба?

Бұл, шынында да, мүмкін бе деп ойланып қаларсыздар. Әлде бұған сенбейсіздер ме?

Сауытбай, Р. Шоко әлем. Тылсым Эллипсаһар [Мәтін]  / Рустем Сауытбай. — Алматы, 2020. – 352 б.

Құрметті балақайлар, біз сіздерге өте қызықты «Шоко Әлем» «Тылсым Эллипсаһар» атты  фентези үлгісінде жазылған әңгімені ұсынамыз. Бұл әңгімеде қарапайым жанұядан шыққан Элия мен Райл ғажап нәрселерді бастарынан өткізеді. Олардың керемет қабілеттері бар екенін өздері де білмеген. Бір күні екеуі әжелері айтып берген үңгір арқылы Шоко Әлеміне түседі. Ол жерде олар ғажап нәрселерді жасауды үйрететін «Эллипсаһар» мектебіне шақырылады. Бірақ бәрі сіздер ойлағандай оңай емес.

Өйткені қара ниеттілер қара сиқыр үйреніп, өз жоспарларын құруда. Олар қоян Кокидің жер бетінен әкелген тастан хабардар және ол тас жай нәрсе болмай шығады…

Бұл кітап фантастиканы ұнататын балаларға арналған.

 

Super–Мен

Баланың тұлға болып қалыптасуы үшін не істеуіміз керек? Бұл сұрак, әрбір ата-ананы алаңдататыны рас. Ата-ана баласының бойындағы қабілеттерді анықтап, оның дамытуы қоғамда өз орнын табуға әсерін тигізеді. Балалық шақта егілген жақсылықтың дәні болашақта өз жемісін берері сөзсіз.

Құрметті балақайлар мен ата-аналар! Бұл жолы сіздерге өте қызықты кітапты ұсынамыз:

«Super–Мен немесе өмірдегі басты мақсат» кітабы ата-аналар мен балаларға арнап жазылды. Бас кейіпкер Мансұр мен қарындасы Айдананың сұрақтарына ата-анасы қалай жауап береді? Бала кезден бастап денсаулықты қалай күту керек? Сабақ пен спорттың ортасында тепе-теңдікті қалай ұстаймыз? Ауылда ата-әженің үйінде не үйренуге болады? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын қызықты сюжетпен өрілген әңгімелерден оқи аласыздар.

Бала табиғаты білмегенді білуді, сұрақ қоюды жақсы көреді. Ал үлкендердің міндеті – оларды қызықтырған сұрақтарға ұтымды жауап беру. Ата-ана мен баланың арасындағы осындай диалог балаға бағыт – бағдар беріп, талабын арттырады. Сол кезде біз баланың тұлға болып қалыптасуына көмектесеміз.

Бұл кітапта отандық педагог-психологтардың, дәрігерлердің бала тәрбиесі мен саламатты дамуына қатысты ақыл-кеңестері шағын әңгімелерге топтастырылды. Кітапты балалар да, ересектер де оқи алады. Балалар өзі сияқты кішкентай кейіпкерлердің қызығы мен қиындығы қатар жүретін өмірінен сабақ алса, ата-аналар сарапшылардың ұсыныстарымен танысып, өз тәжірибесінде қолдануына болады. Ата-ана мен бала кітапты бірге оқып, талқыласа, пайдалы қорытынды шығарады.

Кітаптың тілі оқуға жеңіл әрі қарапайым. Әр әңгімеден екі тірек сөз таңдалып, олардың ағылшынша-орысша баламалары берілді. Бұл да сіздерге ұш тілді қатар меңгеруіне пайдасын тигізеді.

 

 

Тауға саяхат

Аула ішінде көп түлік

Достасады серт қылып.

Қызықтырып айнала,

Тау көрмекші топ құрып – деп әсем өлен жолдармен басталатын, қызықты әңгіме-хикаяты.

Балалар бұл жолы сіздерге «Тауға саяхат» атты әңгіме-хикаятты ұсынамын. Бұл кітап автордың тырнақалды туындысы. Мұнда бір аулада тұратын жануарлардың тауға саяхат жолында бастан кешкен қызықты сәттері баяндалған. Тау басында орын алатын шытырман оқиғалар да балаларды әңгіме әлеміне бірден елітіп әкетеді.

Жылқыбай, М. Тауға саяхат [Мәтін] / Мейіржан Жылқыбай. — Алматы: Асыл кітап, 2019. — 52 б.

Шығарма әр түрлі жастағы балаларға арналған.

Кітаптың авторы Мейіржан  ЖЫЛҚЫБАЙ — Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тумасы. 2008 жылы «Тауға саяхат» әңгімелер топтамасы Дулат Исабековтің алғысөзімен жарық көрді.

Сәлеметсіңдер ме балақайлар!

     Бұл жолы сіздерді күй әлеміне саяхаттауға шақырамыз. Өмір сүріп отырған әлемді танып-білгісі келетін білімқұмар балалардың құштарлығын қанағаттандыру мақсатында «Аруна» баспасы «Сиқырлы скрипканың ертегілері» атты кітабын ұсынамыз.

     Күй — бұл музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, ерте заманда  шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау.

    Имайо, Ә. Сиқырлы скрипканың ертегілері [Мәтін] = Сказки волшебной скрипки = Fairy tales of the magic violin / Әсел Имайо.; [бас ред. Қ. Байғабылова; сурет. А. Алмасбаева]. — Алматы: Аруна, 2021. – 67 б.

    «АРТ-МИРАЙ» қазақтың музыка мұрасын сақтау қорының негізін салушы Әсел Имайоның қиялынан туған «Сиқырлы скрипканың ертегілері» деп аталатын кітап балаларды да, ересектерді де бейжай қалдырмайды. Оқиғалары қызық, безендірілуінің өзі өзгеше. Кітап үш тілде әзірленген.

      Балақайлар сіздер «Ахау, бикем» қазақтың халық әнін, адемі күй ретінде де, тыңдайаласыздар.

     Бұл — жай ғана ертегілер жинағы емес, бұл сиқырлы кітап. Кішкентай оқырмандарымыз қазақтың музыкалық шығармаларынан шабыт алып жазған автордың ертегілерін оқып қана қоймай, QR-кодтың көмегімен музыкалық шығармаларды тыңдай да алады. Ол үшін ұялы телефонның камерасын QR кодына бағыттап, сілтеме бойынша өту керек.

    Кітаптың суреттерін жас суретші Айсұлу Алмасбаева салды.

   Кітап жасөспірімдерге және  ересек балаларға арналады. Барлықтарыңызды «Сиқырлы скрипканың ертегілері» атты кітабын оқуға шақырамыз.