«КІТАП АРҚЫЛЫ АШЫЛҒАН СЫРЛЫ ӘЛЕМ»

«КІТАП АРҚЫЛЫ АШЫЛҒАН СЫРЛЫ ӘЛЕМ»

М.Әуезов атындағы кітапханасында балалар кітабы апталығына  орай  «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты  кітап шеруі ұйымдастырылды. Балалардың бойында кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуға шақыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шараға қалалық №11 Бөбекжайдың  даярлық тобы қатысты. Бүлдіршіндер ұйымдастырылған түрлі ойындарға қатысып, ертегілер елінің кейіпкерлерімен кездесіп, «Балғын балалар біздің болашағымыз» атты кітап көрмесімен танысты.