Құрметті жасөспірім балақайлар!
Сіздердің назарларыңызға қазіргі замандағы танымал балалар мен жасөспірімдер жазушысы Клэр Бертолеттің қызықты әрі тәрбиелік мәні зор «Ханшайымның 10 оқиғасы» атты кітабын ұсынамыз.
Бертолет, К. Ханшайымның 10 оқиғасы [Мәтін] / Бертолет К. ; [сурет. Адора ; қаз. тіліне ауд. Б. Салыхова]. — Алматы: Алматыкітап, 2024. — 68 б.
Бұл кітап балалардың алдынан таңғажайып қиял әлемін ашады. Әр елде әртүрлі дәуірде өмір сүрген ханшайымдар туралы қиял-ғажайып ертегілер берілген.
Шытырман оқиғаға құрылған ертегі бірден баурап алып, мәңгі есіңізде қалады. Ханшайымның ең әдемі тәжін киіп аспанмен таласқан ғимаратта тұратын Келли ханшайымға қонаққа барасыз. Патшайым Аделаида ханшайымның мінез-құлқы мен сыр сымбатын бағалай ма деп алаңдайсыз.
«Ханшайымның 10 оқиғасын» оқи отырып Әлемдегі ханшайымдардың қиял-ғажайып әлеміне саяхаттайсыз.
Бұл кітапты оқыған сайын қиялыңыз кеңіп, жүрегіңіз жылынып, өзіңізді шынайы ханшайымдай сезінесіз. Бұл кітап — рухани байлық пен өмірлік сабақтың қайнар көзі. Кітапты ашқан әрбір бала өзіне жақын ханшайымды табады: бірі – жүрегі жұмсақ, екіншісі – ақыл-парасатты, енді бірі – батырлығы мен табандылығымен ерекшеленеді. Олардың бастан кешкен он түрлі оқиғасы әр оқырманға қуаныш сыйлап қана қоймай, жүрегіне сенім ұялатып, арманға қанат бітіретіні сөзсіз.

Кітапханамызға келіп, «Ханшайымның 10 оқиғасы» кітабымен бірге керемет саяхатқа аттаныңыз!
Ертегі әлемі сізді күтуде!
Осылайша ертегі кейіпкерлерінен үйренген: сүйіспеншілік, татулық, мейірімділік, ұстамдылық, адалдық сияқты адамзат үшін айрықша бағалы саналатын асыл қасиеттерді бойларыңа толассыз сіңірудесіңдер.


Бұл кітапта әр дәуірдегі, әр континенттегі ана тағдырының қуанышы мен қайғысы өлең түрінде суреттелген. Автор ана махаббатының қаншалықты терең екендігін көрсетеді. Қазір «Мама» өлеңмен жазылған заманауи кітаптар арасында ең танымал шығармалар қатарына кіреді.
әріптен тұратын «Ана» сөзінің астарында теңіз сияқты терең ой жатыр.

Сегізінші бөлім. 

Назымбетова, Г.
Маккена, Д.
зылған жас буынға үлгі болатын туынды. Технология мен рух, ұлттық сана мен жауынгерлік рух бір арнаға тоғысқан бұл кітап оқырманды терең ойға жетелеп, Отанды қорғаудың жаңа қырларын танытады.
